Алматы қорығында Түркістан сілеусіні видеоға түсіп қалды. Кадрларды Экология министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жариялады, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі.
Бірегей кадрлар Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Instagram-парақшасында жарияланды.
Ведомсвто мәліметінше, жыртқыш сүтқоректі Орталық Азияда ғана кездеседі.
Ол қорық аумағында теңіз деңгейінен 1200 - 2800 метр биіктікте, аралас және қылқан жапырақты орманда мекен етеді. Бұл территорияда шамамен 16 сілеусін бар. Олар жарты жыл ішінде (2021 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың мамырына дейінгі аралықта) 11 рет фототұзаққа түскен.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!