Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болып, үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
23 маусымда Алматы - Шелек - Қорғас тасжолының 132-шақырымында болған жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалған.
"Алдын ала мәліметке сәйкес Haval көлігінің жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, Audi 100 көлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Audi көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды", - деп жазылған Алматы облысы ПД хабарламасында.
Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Кінәлі жүргізуші қамауға алынған. Оқиғаның барлық мән-жайы мен себебі анықталып жатыр.
Тергеу барысы облыстық Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова