- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы коммуналдық кәсіпорнының...
Алматы коммуналдық кәсіпорнының басшысы пара алды деген күдікке ілінді
Фото:
видеодан алынған кадр
Алматы коммуналдық кәсіпорнының басшысы пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Алматы тазалық" ШЖҚ МКК директорына қатысты соталды тергеу жүріп жатыр.
"Ол мердігер ұйым өкілінен 2,7 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдікке ілінді. Бұл сома орындалған жұмыстардың актілеріне қол қоюға, мемлекеттік сатып алулар бойынша қосымша келісімшарттар жасауға және жалпы қамқорлыққа арналған", - делінген хабарламада.
Күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова