- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы көлік апаты...
Алматы көлік апаты жиі болатын өңірлер арасында көш бастап тұр
Көлік апаты жиі болатын өңірлер арасында Алматы көшбасында тұр. Бұл туралы ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Биыл көлік апаты 13 пайызға, жарақат алғандар 16 пайызға төмендеп, қаза тапқандар саны да былтырғы статистикаға қарағанда азайған.
"Алайда жалпы апаттың төмендеуіне қарамастан, Алматыда, Алматы, Жамбыл, Түркістан және Жетісу облыстарында жол апатының деңгейі жоғары", - деді министрдің орынбасары Үкімет отырысында.
Көлік апатына негізі себептің бірі - жол мен инфрақұрылымның жағдайы. Статистика бойынша, жол апатының 73 пайызы елді мекендерде болады.
"Мұнда адам шығыны болған апаттардың төрттен бір бөлігі жаяу жүргіншілерді қағып кетумен байланысты. Ең көп үлес Алматыға (812 жол-көлік оқиғасы немесе жаяу жүргіншілерге қатысты жол апаты - 27 пайыз), Астана қаласына (202 жол-көлік оқиғасы немесе 7 пайыз), Алматы (306 жол-көлік оқиғасы немесе 10 пайыз), Түркістан (186 жол-көлік оқиғасы немесе 6 пайыз), Жамбыл (185 жол-көлік оқиғасы немесе 6 пайыз), Маңғыстау облыстарына тиесілі (132 жол-көлік оқиғасы немесе 4 пайыз)", - деді Марат Қожаев.
Аяз Есен
Тағы да оқи отырыңыздар: Телефонды күніне қанша сағат қолдануға болады?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек