Алматының коммуналдық қызметі қатты жаңбырға дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ауа райы болжамы
Қазгидромет болжамына сәйкес 1 қазанда сағат 18:00-ден кейін Алматыда 1-2 мм болатын аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. 2 қазанға қараған түні және сағат 09:00-ге дейін кей уақытта 2-4 мм жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15 метрге дейін жетуі мүмкін.
Қала қызметтерінің кезекшілігі күшейтілді
Құтқару қызметі бір ассенизаторлық машина мен 15 мотопомпа дайындаған. Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан 240 адам, 53 арнайы техника, 54 мотопомпа жұмылдырылады.
Су басу қаупінің алдын алу және қажет болған жағдайда оның салдарын жедел жою үшін құрамында 416 жол жұмысшысы бар 70 жедел бригада кезекшілікке шыққан.
"252 арнайы техника, 48 мотопомпа және 18 ассенизаторлық машина дайын тұр. Ассенизаторлық машиналар су басуы мүмкін учаскелерге алдын ала орналастырылды. Сонымен қатар, 2,4 мың құм салынған қап дайындалды", - деді әкімдік өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова