Алматы - Қаскелең магистралдық эстакадасының бір бөлігі жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады, - деп хабарлайды Мassaget.kz "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап.
"ҚазАвтоЖол" ҰК Алматы облыстық филиалы 2022 жылдың 2-10 шілдесі аралығында күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты "Алматы-Қаскелең" бағыты бойынша бас магистральдық эстакаданың бір бөлігі жабылатынын хабарлайды. Бұл "Алтын Орданың" 16-19 шақырымы.
"Бұл негізгі магистралдық эстакададағы уақытша жабынның төменгі қабатының жай-күйіне қатысты көптеген шағымдарға байланысты. Мердігер ұйым жабынның уақытша төменгі қабатын ауыстыру бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізіп, кейіннен оның жоғарғы асфальтбетон қабатын аяқтайды", - делінген хабарламада.
Компания өкілдері жүргізушілерден жүретін жолын алдын-ала жоспарлауды сұрады.