Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды. Қалада карантиндік шаралар күшейтілді. Соған сәйкес, мектеп оқушылары демалыс аяқталғаннан кейін онлайн оқуға көшпек.
"Білім беру мекемелері (мектеп) түгелдей қашықтан оқыту форматында ұйымдастырылады", - делінген қаулыда.
Қаулы 14 қаңтардан бастап күшіне енеді. Ал оқушылардың қысқы демалысы 17 қаңтарда аяқталады.
Жаңа қаулыға сәйкес, мекемелер мен кәсіпорын қызметкерлерінің 70 пайызы қашықтан жұмыс істеуге жіберіледі. Жоғары оқу орны мен колледж студенттері онлайн мен оффлайнда араластырып оқиды.