- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы қаласының алты...
Алматы қаласының алты шағынауданына жол төселеді
Алматыда 2023 жылғы жол құрылысына 20 миллиард қаржы бөлінген. Сонымен қатар, алты шағынауданға жаңа жол салу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейін Алматы қаласындағы Абай көшесінің су жаңа тасжолын қырып алып, қайта төселіп жатқанын жазған едік. Қанша жылдан бері жол құрылысына жауаптылар орталық көшелерді қайта жөндеуден өткізіп, шет аудандар қалыс қалып келеді. Биыл бұл жағдай болмауы үшін арнайы мекемелерге ресми сұраныс хат жолдадық. "Алматы қаласы қалалық мобилділік басқармаса" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәліметінше:
1. Биыл жалпы ұзындығы 200 шақырымнан асатын 230 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
2. Күрделі жөндеу жұмыстар осы жылы қарастырылмаған, жоспар бойынша тек орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
3. Жол құрылысы жұмыстары республикалық және жергілікті бюджет есептерінен жүргізіледі.
4. 2023 жылға жол құрылысы жұмыстарына жалпы 20 миллиардқа жуық қаражат қарастырылған.
5. Сондай-ақ, 6 шағынауданда (Әлмерек, Қайрат, Алғабас, Ақжар, Шұғыла және Шанырақ-1) 25 шақырым жаңа жол салу жоспарланып отыр. Жолдар 2023-2024 жылдары инженерлік коммуникацияларды төсеу бойынша жұмыстардың аяқталуына қарай пайдалануға беріледі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Зинешов