- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы қаласындағы бір...
Алматы қаласындағы бір ауданда алкоголь өнімдерін заңсыз сату және сақтау дерегі көбейген
Алматы қаласы Наурызбай ауданында алкоголь өнімдерін заңсыз сату және сақтау дерегі көбейген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Наурызбай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы мәліметінше, алкоголь өнімдерін тиісті лицензиясыз сату және сақтау жиілеп кеткен. Бұл деректер аудан аумағында тексеріс жүргізу барысында анықталды.
Қазақстан Республикасының "Этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіру және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" заңының 9-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес алкоголь өнімдерін тиісті лицензиясыз сақтауға және сатуға тыйым салынған.
Осы заңды бұзу Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" кодексінің 463-бабының 1-тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
"Қазақстан Республикасының "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" кодексінің 460-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және импортталатын тауарларға акциздермен салық салынады. Акциз төлеушілерге акцизделетін тауарларды өндіретін және импорттайтын жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының аумағында бензин мен дизель отынын көтерме және бөлшек саудада сататын тұлғалар жатады", - деп жазылған басқарма хабарламасында.
Акцизделетін тауарларға спирт түрлері, алкоголь өнімдері, темекі бұйымдары, қыздырылатын темекі бұйымдары және электронды темекілерге арналған никотин сұйықтықтары жатады.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты, алкоголь өнімдерін сату және сақтау үшін тиісті лицензияларды алудың маңыздылығын ескертеміз. Заңға сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру әкімшілік жауапкершіліктен аулақ болуға көмектеседі.
Лицензиянын бар немесе жоқ екенин Еlicence.kz сайтынан көруге болады.
Егер кәсіпкерлікті лицензиясыз жүргізгенін анықтаған болсаңыз, Мемлекеттік Кірістер басқармасына жазбаша түрде арыз жаза аласыз.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Massaget.kz