- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы қаласы мен...
Алматы қаласы мен облысының патрульдік полиция инспекторлары бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінді
Алматы облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша патрульдік полицияның 7 қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің мәліметінше, олар бірнеше рет пара алды деп күдіктеніп отыр. Полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзған азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін заңсыз ақшалай сыйақы алған.
Сонымен қатар, инспекторлар жолдарда іс жүзінде құқық бұзушылық жасамаған азаматтардың ақшасын алаяқтық жолмен иемденген.
Қазіргі уақытта қылмыстық істің материалдары сотқа жолданды.
Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік Кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина