Алматы мәдениет басқармасының басшысы Мәркен Ахметов қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ахметов өзге қызметке ауысуына байланысты жұмыстан шыққан. Еске салайық, ол Мәдениет басқармасының басшысының міндетін атқарушы қызметіне биылғы жазда тағайындалған.
Осыған дейін Мәркен Ахметов Алматы қалалық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманы басқарған.