- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Алматы жылу желілері"...
"Алматы жылу желілері" бас директоры ұсталды
Фото:
orinfo.ru
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері "Алматы жылу желілері" бас директорының ұсталғанын растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
АлЖЖ басшысы қызметін Қуаныш Бейсенбинов атқарады. Антикор өкілдері толық ақпаратты кейінірек беруге уәде етті.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Бейсенбинов пара алды деп күдіктенгені хабарланған болатын. Ол жеткізушіден 16 миллион теңге алды деген болжам бар. Ақша Алматыда жылу желілерін қайта құру бойынша орындалған жұмыстар актісіне қол қоюға және патронаттауға арналғаны хабарланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина