Алматы жолдарында көк таңба пайда болды. Әкімдік ол нені білдіретінін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматыдағы Наурызбай батыр көшесінде айдың басынан бері көк түсті жол таңбасы пайда болды. "Алматы паркинг" мекемесі коммуналдық ақылы тұрақ аймағы осылай таңбаланатын хабарлады.
Бұл жаңалық көлік жүргізушілеріне тұрақ аймағында жүруге көмектесуге арналған. Бұрын ақылы автотұрақтар тек 5, 10 және 20 сандары бар шеңбермен бейнеленген ақпараттық тақта түрінде көрсетілген. Алайда мұндай белгілер әрдайым ақылы тұрақ шекараларын нақты көрсете бермейді.
"Көк түсті таңба Наурызбай батыр көшесінде пайда болды және одан әрі барлық коммуналдық ақылы автотұрақта қолданылады. Тығыз трафик кезінде жол белгісі байқалмауы мүмкін, ал көк таңба назар аудартады. Бұл қалалық инфрақұрылымды жақсарту және Алматы тұрғындары мен қонақтары үшін жайлылық деңгейін арттыру жөніндегі бағдарламаның бір бөлігі. Көлік жүргізушілері қазірдің өзінде тұрақ аймағын анықтау процесін қарапайым әрі түсінікті ететін жаңа жүйенің артықшылығын бағалай алады", - делінген "Алматы паркингтің" хабарламасында.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!