Алматы жолдарында қауіпті дрифт жасаған адам ұсталды

Алматы жолдарында қауіпті дрифт жасаған адам ұсталды
Фото: Видео кадры

Алматыда қауіпті дрифт жасаған жүргізуші 20 тәулікке қамалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, қауіпті маневр жасаған жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ол бұл әрекетін әлеуметтік желіде жариялаған.

Кадрда көлік қиылыста жүріп келе жатып, жолға көлденең сырғанағаны көрінеді. Жүргізуші күрт маневр жасап, қауіпті қозғалысын жалғастырған.

"Ең қауіптісі осы сәтте жаяу жүргіншілер бағдаршамның рұқсат беретін белгісімен жолдан өтіп бара жатқан. Сонымен қатар, бейнежазба барысында балағат сөздер айтылып, кейін ол әлеуметтік желіге жарияланған", - деді ПД өкілі.

Алматы полициясы жүргізушіні анықтады. Ол жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғаны және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Сот шешімімен құқық бұзған адамға 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget