- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы жолдары 5...
Алматы жолдары 5 жылдан кейін қалай өзгеруі мүмкін?
Әрбір жүргізуші үшін қаланың және қаладан тыс жолдардың жөндеуден өтіп, жаңарып тұрғаны жақсы. Дегенмен, бұл біздің елімізде енді қолға алынып келе жатқан жағдай. Ал Алматы қаласының жолдары 5 жылдан кейін қалай өзгеруі мүмкін деп ойлайсыз?
Бір бағытты жолдар, қоғамдық көлікке арналған жолақтар, жылдамдықтың 40 км/с түсуі және осы сынды түрлі өзгерістер болуы мүмкін. Бұл ақпараттарды күнделікті жаңалықтардан естіп-біліп жатырмыз. Дегенмен 2018 жылы басталып, 2023 жылға дейін нақты жоспар бойынша қандай жұмыстар жасалады?
Бір бағыттағы жолдар
Бір бағыттағы жолдар алдағы жоспарда тұрған басты міндеттердің бірі. Мәселен 2023 жылға қарай Сейфуллин көшесі Райымбектен бастап Тимирязев көшесіне дейін бір бағытта қозғалуы мүмкін. Бұған Абылайхан көшесін де қосуға болады.
Желтоқсан мен Наурызбай көшелері бір бағытты жүру жолын өзгертеді. Ал Тілендиев көшесі қос бағытта қатынайтын көше болады.
Қоғамдық көлікке арналған арнайы жүру жолағы
Қазірдің өзінде бұл жолақтар қала ішінде бар. Мәселен Абай көшесімен жүрсеңіз, «А» белгісімен белгіленген жолақтарды көресіз. Болашақта бұлар әрбір көшенің бойында болуы мүмкін. Мәселен Жандосов, Тимирязев, Сәтпаев көшелері осы қатарға кіреді.
Көше бойындағы көлік жайлар
Қала жолдары өңдеуден өтіп, жақсы қырынан таныла бастағанымен көшелердің тар екені анық. Бірақ болашақта бұл мәселе де шешімін табады. Достық көшесінің бойындағы көліктердің жағдайы қиындайды. Себебі көше бойындағы көлік тұрақтарын алып тастауы ғажап емес. Одан қала берді Тимирязев, Жандосов, Шаляпин, Сәтпев, Розыбакиев, Жароков және басқа да көшелердің бойында көліктің тұруына рұқсат берілмейді деп күтілуде.
Алматы – жаяу жүргіншілер қаласы
Соңғы жылдары байқағанымыздай қала ішінде жаяу жүргіншілер мен велосипедке деген көзқарас басымдылыққа ие. Болашақта қала көшелерінде жаяу жүргіншілерге арналған арнайы жүру жолдары салынады. Қалай? Бұл жолдар кеңінен салынып, төрт жолаққа дейін кеңейтіледі. Көліктер жылдамдықты 50 км/с дейін түсіреді және барынша ақырын жүруге тура келеді. Бұдан бөлек қала ішіндегі көліктердің жүру жылдамдығы 40 км/с дейін төмендейді. Көлік апатының алдын алу үшін жасалып жатқан бұл өзгерістер биыл өз жұмысын бастайды.
М. Ақан