"Алматы жастары" ипотекалық бағдарламасы қорытындыланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы қаласы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы 29 шілдеден 7 тамызға дейін "Алматы жастары" бағдарламасы аясында өтінімдерді қабылдауды аяқтады. Осы жылы www.almaty-zhastary2024.kz платформасында 7072 өтінім берілді, бұл жастардың бағдарламаға деген қызығушылығының жоғары екендігін көрсетеді.
Бағдарлама аясында тұрғын үй сатып алуға кемінде 1200 заем беру жоспарланған.
Келіп түскен өтінімдерді салалар бойынша бөлу келесідей:
Мұқият қарастырудан кейін 1924 өтінім оң қаралып, мақұлданды.
Мақұлданған өтінімдер келесідей:
1200 өтінім беруші "Отбасы" банк АҚ-нан төлем қабілеттілігінен өту үшін жолдама алады. Жолдаманы алған қатысушылар 15 жұмыс күні ішінде төлем қабілеттігін бағалаудан өту үшін "Отбасы" банк АҚ-ның кез келген қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет. Төлем қабілеттілігін растаған қатысушылар 45 күнтізбелік күн ішінде алғашқы және екінші нарықта тұрғын үй таңдай алады.
724 қатысушы негізгі тізім бойынша төлем қабілеттілігін растау аяқталғанша резервтік тізімде болады. 5148 қатысушының құжаты қайтарылды. Қайтарылудың негізгі себептері жұмыс орнының бағдарлама талаптарына сәйкес келмеуі, тұрғын үйге қажетті анықтамалардың болмауы, өтініш берген сәтте тұрғын үйдің болуы, соңғы 6 айдағы зейнетақы жинақтарының болмауы және т.б.
"Алматы жастары" бағдарламасының қорытындысы туралы басқа да толық ақпараттар www.almaty-zhastary2024.kz сайтында қолжетімді болады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!