Алматы қаласының әкімдігі 15-31 мамыр аралығында Алматының 35 жасқа дейінгі және осы жасқа толғандардан "Алматы жастары" қалалық бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алу үшін жеңілдетілген тұрғын үй займдарын алуға өтініштер мен құжаттарды қабылдау басталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бағдарламаға қатысу үшін өтінішті сайт арқылы тапсыруға болады. Сайтта авторизациялау электрондық цифрлік қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүргізіледі.
Еске салайық, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша жас мұғалімдер мен дәрігерлер үшін бағдарлама аясында қосымша қаржы бөлінді және лимит 100 займға ұлғайтылды: мұғалімдер үшін - 50, дәрігерлер үшін - 50.
Бағдарлама аясында несие берудің шарттары:
- займның ең жоғары сомасы – 18 млн теңгеге дейін;
- пайыздық мөлшерлеме – 5 пайыз;
- бастапқы жарна – 10 пайыз;
- бастапқы және қайталама тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі;
- қамту – 1100 адамнан кем емес.
Қатысу үшін негізгі талаптар:
1. Қатысушының жасы 35 жасқа дейін (35 жасқа толғандарды қоса алғанда), өтініш беру кезінде, жұбайының (зайыбының) жасына қарамастан (бар болса). Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады;
2. Үміткерде және оның отбасы мүшелерінде меншік құқығында тұрғын үйдің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайының әдейі нашарлауы фактілерінің болмауы.
3. Қатысушының Алматы қаласында келесі санаттар бойынша міндетті зейнетақы аударымдарымен кем дегенде соңғы 6 ай ішінде ресми жұмыс өтілінің болуы: денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ЖОО-лар және ҒЗИ, журналистер, әлеуметтік сала, құқық қорғау органдары және қалалық коммуналдық қызметтері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!