- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тұрғын үй бағдарламасы
“Алматы жастары“ бағдарламасы келесі жылы қаржыландырыла ма?
"Алматы жастары" тұрғын үй бағдарламасын қаржыландыру жалғасады. Бұл туралы Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясы барысында қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматының бюджетін нақтылау шеңберінде халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы азаматтар үшін әлеуметтік көмек көлемі ұлғайтылды: 585 миллион теңге аудандық әкімдіктерге азаматтарға үйде әлеуметтік қолдау көрсетуге, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдауға бөлінеді.
Қанат Сухамбековтің мәліметінше, "Алматы жастары" тұрғын үй бағдарламасын қаржыландыру үшін бюджеттен қосымша 1,4 миллиард теңге бөлінеді.
Бұл, оның айтуынша, әлеуметтік, құқық қорғау, коммуналдық және басқа да салаларда еңбек ететін жас азаматтар үшін қосымша 80 ипотекалық қарыз беруге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін ішкі істер органдарының 2 510 қызметкеріне жергілікті бюджеттен қосымша 2,5 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан