Алматыда 1 маусымда "Алматы жастары" бағдарламасына өтініш қабылдау басталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қала әкімдігі мәліметінше, өтініш қабылдау биыл 1-15 маусым аралығында өтеді. Өтінішті kezekte.kz порталындағы "Тұрғын үй сервистері" бөлімінде орналасқан Almaty Jastary сервисі арқылы 1 маусым сағат 09:00-ден бастап 15 маусым сағат 18:00-ге дейін жолдауға болады. Жүйеге кіру үшін электрон цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет.
Жобаға Алматы қаласында тұратын 35 жасқа дейінгі жастар қатыса алады.
Бағдарлама денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт салаларының қызметкерлеріне, ЖОО мен ғылыми-зерттеу институттарының мамандарына, журналистерге, әлеуметтік сала өкілдеріне, құқық қорғау органдары мен коммуналдық қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ, "Жұмыс істейтін жастар" бағдарламасының жалға алушыларына арналған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз