- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Алматы Жастары" бағдарламасы...
"Алматы Жастары" бағдарламасы бойынша жолдама алғандардың тізімі шықты
"Алматы Жастары" бағдарламасы бойынша жолдама алғандардың тізімі шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тізім www.almaty-zhastary.kz порталында жарияланды.
"Алматы Жастары" бағдарламасының құндылығы төмен проценттік көрсеткіште, яғни жылдық 5 пайыздық несиемен 18 миллион теңгеге дейін заем беріледі. Несиені қайтару мерзімі әркімнің төлеу қабілетіне қарай жеке жүргізіледі, 3-тен 25 жылға дейін.
Биыл бәсекелестігі жоғары салалар үшін тағы 100 жолдама қосылды.
"Биылға жоспар бойынша 1100-ден кем емес. Яғни жылда мыңнан кем емес болады. Одан бөлек, қосымша 100 үміткерге қосымша қаражат бөлініп, оның 50-і мұғалімдерге, 50-і денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне бөлінеді. Жыл сайын осы саладан көп өтінім келіп түседі", - деді қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының бөлім басшысы Азат Исламов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек