- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы жартылай марафоны:...
Алматы жартылай марафоны: 21 сәуірде жолдардың бір бөлігі жабылады
Алматы жартылай марафонының Ұйымдастыру комитеті оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарына жарыс өтетін күні, 2024 жылғы 21 сәуірде жолдардағы қозғалыстың ішінара жабылатыны туралы хабарлайды.
21 сәуірде жартылай марафон өткізілетін уақытта сағ. 00:00-ден 11:00-ге дейін жартылай марафон қашықтығы өтетін жерлерде жолдардағы қозғалыс ішінара жабылады.
Жартылай марафон сөресі таңғы сағ. 7:00-де Тұңғыш Президент саябағында беріледі. Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында Мұстафин көшесінен Навои көшесіне дейінгі жол бөлігінде қозғалыс 21 сәуір күнгі сағ. 00:00-ден 11:00-ге дейін жабық болады. Оңтүстік жағы ашық болады.
Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында Мұстафин көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 6:45-тен 09:10-қа дейін жабық болады. Оңтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.
Сейфуллин даңғылында әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 7:10-тан 08:30-ге дейін толық жабылады.
Абай даңғылының оңтүстік жағында Саин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 8:10-тан 10:40-ға дейін жабық болады. Солтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.
Абай даңғылының оңтүстік жағында Сейфуллин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 7:20-ден 09:00-ға дейін жабық болады. Солтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.
Саин көшесінің шығыс жағында әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 08:00-дан 09:40-ға дейін жабылады. Батыс жағы көлік қозғалысына ашық болады.
Деректер жарысқа қатысушылардың қозғалыс уақытының ұтымды бөлінуін ескере отырып енгізілді.
Тұңғыш Президент саябағына автокөлікпен жету үшін ұсынылатын маршрут:
1) Мұстафин көшесінің бойымен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;
2) Садықов көшесінің бойымен солтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;
3) Дулати көшесінің бойымен солтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;
4) Саин көшесінің бойымен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;
5) Әбіш Кекілбайұлы көшесі арқылы Үлкен Алматы өзенінің бойымен.
Жолдардың жүктелу деңгейінің жоғары болуына байланысты қатысушыларға жарыстың басталу орнына (Тұңғыш Президент саябағы) әл-Фараби даңғылы мен Мұстафин көшесінің қиылысына дейін автобуспен жетуге кеңес береміз. Жолдардың жабылуын ескере отырып, сөре орнына автокөлікпен жетудің оңтайлы маршрутын 2ГИС қолданбасында құруға болады. Сөре қалашығы (Тұңғыш Президент саябағы) мен мәре қалашығының (Орталық стадион) жанында көлікті тұраққа қою мүмкін болмайтынына назарларыңызды аударамыз.
Сөре уақыты:
07:00 – 10 км және скандинавиялық жүріс қашықтығының сөресі.
07:40 – 21 км қашықтығының, Элита және Экиден эстафетасының сөресі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
О. Сансызбай