Алматы хостелінде 13 адам қаза тапты: сот үкім шығарды

Алматы хостелінде 13 адам қаза тапты: сот үкім шығарды
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

Алматының Алмалы аудандық сотында хостелде 13 адам қаза тапқан оқиға бойынша үкім шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қылмыстық іс бойынша хостелдің директоры Әділбек Мұхамедияров пен ғимаратқа өрт қауіпсіздігі жүйесін орнатқан Александр Пекельник жауап берді.

Екеуі де кінәсін мойындамаған.

Алмалы аудандық соты Әділбек Мұхамедияров пен Александр Пекельникті кінәлі деп тапты. Мұхамедияров бес жылға бас бостандығынан айырылды. Пекельник  төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Екеуі де сот залында қамауға алынды.

Сот жәбірленушілердің моральдық зиян туралы өтінішін ішінара қанағаттандырды. Жәбірленушілер 20-30 миллион теңгеден өтемақы сұрады. Сот жәбірленушілердің санын ескеріп, моральдық зиян сомасын әрқайсына 7 миллион теңгеге дейін азайтты.

Еске салайық, 2023 жылы 30 қарашада сағат 5:33-те Алматыдағы Әди Шәріпов көшесінде өрт шыққаны хабарланды. Оқиға салдарынан 13 адам қаза тапты.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget