- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы хайуанттар бағы...
Алматы хайуанттар бағы жаңадан туған сусиырға ат іздеп жатыр
Алматыдағы хайуанттар бағында Джамбо мен Лотти атты сусиырлардың төлі туды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әке атанған Джамбо 2007 жылы туған, Израиль хайуанаттар бағынан 2009 жылы әкелінген. Оның жұбы Лотти 2010 жылы туған. Ол Қазақстанға Франциядан 2018 жылы келген.
"Олар бірден жұп болмады. Алғашқы кезде Джамбо Лоттиді сүзіп, қарсылық көрсететін. Біз бұған алаңдап жүрдік, бірақ уақыт өте келе екеуі тіл табысып кетті. Лотти 22 мамырда төлдеді", - делінген зообақ таратқан хабарламада.
Кішкентай ұрғашы сусиырдың салмағы - 38 келі, бойы - 50 сантиметр. Қазір бәрінің жағдайлары жақсы, зообаққа келушілерден құттықтаулар қабылдап жатқан көрінеді.
"Енді кішкентай сусиырға ат қоюымыз керек. Ұсыныстарыңыз бен нұсқаларыңызды парақшамызға жазыңыздар. Біздің қызметкерлер ең үздік атты таңдап алады", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан