Алматы хайуанаттар бағында Жұма есімді арыстан тағы да келушілердің жауапсыз әрекетінің құрбаны болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл жолы келушілердің бірі арыстанның назарын аудармақ болып, оған тас лақтырған. Алматы хайуанаттар бағының әкімшілігі мұндай әрекеттерге қатаң тыйым салынатынын ескертті.
"Жануарларға кез келген зат лақтыруға, қоршауларды қағуға, оларды әдейі мазалауға немесе үркітуге болмайды. Мұндай әрекеттер оларға күйзеліс тудырып, жарақат келтіруі және денсаулығына кері әсер етуі мүмкін", - деп жазылған хабарламада.
Алматы хайуанаттар бағының әкімшілігі бейнебақылау камераларындағы жазбалар мен өтінішті құқық қорғау органдарына жолдаған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!