Алматы хайуанаттар бағында Стелла мен Айна есімді ақбөкендер лақтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қалалық Мәдениет басқармасы мәліметінше, жаңа туған лақтардың жағдайы жақсы. Олар өсіп-жетілген. Әзірге төлдер ана сүтімен қоректеніп жатыр, ал уақыт өте келе табиғи өсімдік тектес азыққа бейімделеді.
Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Айта кетейік, Алматы хайуанаттар бағы - ақбөкендерді қолда өсіріп, тұрақты түрде төл алып отырған санаулы зоологиялық мекемелердің бірі. Мамандар мұны сирек кездесетін жануар түрін сақтауға және биологиялық алуандықты қорғауға бағытталған жұмыстың маңызды нәтижесі ретінде бағалайды.
Қазір лақтардың жасы шамамен бір айда. Олар мамандардың тұрақты бақылауында, жасына сай дамып келеді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова