- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Алматы ғана емес"....
"Алматы ғана емес". Қазақстанның қай өңірінде жер сілкіну қаупі жоғары?
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Қазақстандағы сейсмикалық қауіпті аймақтарды атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ТЖМ басшысының айтуынша, кез келген табиғи жер сілкінісі техногендік жер сілкінісін тудыруы мүмкін . Алматы ғана сейсмикалық қауіпті аймақ болып саналмайды.
"Алматы ғана емес, Батыс Қазақстанның бүкіл аумағында, әсіресе мұнай-газ кен орындарын қарқынды игеру жүргізіліп жатқан жерлерде бұл проблема бар. Мысалы, Атырау облысында мұнай айдаумен байланысты. Маңғыстау облысы 8-9 балдық аумақта жатыр", - деді министр Мәжілістің Экология және табиғи ресурстарды басқару комитетінің кеңейтілген отырысында.
Еске салайық, бұған дейін саясаткер, эколог Мэлс Елеусізов Алматыда 12 балдық жер сілкінісі болуы мүмкін екенін айтқан еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: От жағу қалай пайда болды? Оның маңызы туралы не айтасыңдар?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек