Алматы - Бішкек тасжолында арнайы операция өткізілді: бір адам ұсталды

Алматы облысында 58 келіден аса марихуана тәркіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы - Бішкек тасжолының 58-шақырымында Toyota Camry көлігі тоқтатылған. Көлікті тексеру кезінде жүксалғышынан қара полиэтилен қаптарға оралған үш полимер қап табылған. Оның ішінен ерекше иісі бар, жасыл түсті өсімдік тектес зат шыққан.

"Сараптама қорытындысы бойынша бұл кептірілген марихуана екені анықталды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы - 58 келі 560 грамм. Есірткі заттарын заңсыз сатып алу, сақтау және тасымалдау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 55 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді ІІМ өкілдері.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!