Алматы-Бішкек тасжолында 8 айлық сәби табылды

Алматы-Бішкек тасжолында 8 айлық сәби табылды
Фото: instagram/volontery_lider.kz_almobl

Еріктілер 2025 жылғы 24 қазанда Алматы облысы Жамбыл ауданынан табылған кішкентай қыздың анасын немесе жақын туыстарын іздеп жатыр. Бұл туралы ақпарат Lider.kz еріктілерінің Instagram-парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Еріктілердің мәліметінше, баланы күндіз Алматы - Бішкек тасжолының бойынан өтіп бара жатқан адамдар тауып алып, полицияға хабарлаған. Сырт келбетіне қарағанда, ол - шамамен 7-8 айлық сәби. Бүлдіршін ақ-қызғылт түсті комбинезон және қызғылт телпек киген.

Еріктілер баланың туыстары туралы ақпарат білетіндерден көрсетілген телефон нөміріне хабарласуды, директке жазуды немесе "102" арнасына қоңырау шалуды сұрайды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget