Алматыда кешке қарай кенеттен түнеріп, жел соғып, күн күркіреді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматылықтар жауын-шашынның видеосын бөлісіп жатыр.
Жақсы дәстүр бойынша мұндай ауа райында такси қызметі де бірден қымбаттап кетті. Алматының орталығынан Алтын Ордаға дейін 6-7 мың теңгеге жетуге болады.