Алматы бойынша ауқымды рейд: берешегі барлардың көлігі айыппұл тұрағына қойылып жатыр

Алматы бойынша ауқымды рейд: берешегі барлардың көлігі айыппұл тұрағына қойылып жатыр
Фото: gov.kz

Алматыда көлік салығы бойынша берешегі бар борышкерлердің көлігі айыппұл тұрағына қойылып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Борышкер" жедел профилактикалық іс-шарасы аясында осындай рейдтер өткізіліп жатыр.

Борышкерлердің көлігі "Сергек" камераларының көмегімен анықталып, қарыз толық өтелгенге дейін айыппұл тұрағына қойылады.

"Бүгінде көлікке салынатын салық бойынша берешек - 4,5 миллиард теңге. Берешектің негізгі бөлігі қозғалтқыштың көлемі 4000 текше сантиметрден асатын көліктерге тиесілі", - деп жазылған хабарламада.

Мемлекеттік кірістер комитеті көлік иелерін тез арада салық берешегін өтеуге шақырды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget