“Алматы Бас жоспары“ директорының орынбасары сотталды

“Алматы Бас жоспары“ директорының орынбасары сотталды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

"Алматы Бас жоспары" ЖШС бас директорының орынбасары сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап. 

Алматы Медеу ауданының соты "Алматы Бас жоспары" ЖШС бас директорының орынбасары С.Өмірәліұлына үкім шығарды.

Ол алаяқтық жасағаны және жергілікті кәсіпкерді жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерткені үшін қалалық жер қатынастары басқармасының лауазымды адамына 9,6 миллион теңге сомасында пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айыра отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек