Алматы қаласының ТЖД №12 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Алматы қаласының Жетісу ауданы №103 санаториялық балабақшасында өрт-тактикалық сабақ өткізді.
Өрт-тактикалық сабақ өткізудің мақсаты – №103 санаториялық балабақшасының әкімшілігімен, тұлғаларымен бірге құтқару және эвакуациялық жұмыстарын өткізу әдіс-тәсілдерін пысықтау.
Сабақтың мысалы бойынша: көлемі 5х8 метрлі ойын бөлмесінде қысқа тұйықталудан от шықты. Өрт сөндірушілер келгенге дейін балабақша қызметшілері 66 баланы қауіпсіз жерге көшірді.
Сабақ өткізу барысында №12 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы мен №103 санаториялық балабақшаның адамдарды эвакуациялау, өртті одан әрі таратпау және оны жоюға қолайлы жағдай жасау, сонымен қатар, өрт сөндіргіш заттарды берудің әдістері мен амалдары бойынша өзара іс-қимылдарын пысықтауға баса назар аударылды.
Сабаққа № 103 санаторлық балабақшасының меңгерушісі Баян Жүнісханқызы, өрт қауіпсіздігіне жауапты Альбина Абдрахманова қатысты. Барлық өрт-тактикалық әдісті қолдануды жоспарлаған іс-шара жоғары деңгейде өтті.
Алматы қаласының ТЖД
баспасөз қызметі