Алматы әкімдігі балабақшадағы егеуқұйрықтар туралы жаңа мәліметтерді айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейін Желіде балабақшаның жатын бөлмесінде егеуқұйрықтар түсірілген видео пайда болған. Видео алматылықтарды шошытты.
Шенеуніктердің пайымдауынша, кеміргіштер бұл жерге жақын маңдағы қоқыс жәшігінен келуі мүмкін.
"Балабақшаның жанында егеуқұйрықтардың негізгі мекендейтін жері - көпқабатты үйлердің қоқыс контейнерлері (балабақша аумағынан 20 метр қашықтықта) орналасқан", - деп хабарлады Алматы білім басқармасы.
Басқарма қазіргі күні балабақшада қажетті дезинфекция және дератизация шаралары жүргізілгенін айтып отыр.
"Осы жылдың 20 наурызында басқармада балабақша қызметін бақылау жөніндегі комиссия құрылып, оның қорытындысы бойынша мектепке дейінгі ұйым әкімшілігіне тиісті шаралар қабылданады. Сонымен қатар қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметі тарапы да тексеру жүргізіп жатыр", - деп хабарлады Алматы білім басқармасы.
"№110 балабақша" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Медеу ауданында Достық даңғылында орналасқан.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!