Автобуста жолаушыларға ән қойып, "дискотека" ұйымдастырған жүргізуші жұртты тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жүргізушінің есімі Мұрат. Ол Тараз қаласының тумасы. 2015 жылдан бері автобус жүргізушісі болып жұмыс істеп жүр екен.
"Негізі, қаржы мамандығы бойынша жоғары білім алғанмын. Ойда жоқта танымал болып кеттім ғой. Әлеуметтік желіде бәрі мені белгілей бастады. Екі жыл бұрын да осындай видео топтарда тарап кеткен болатын. Сол кезде де танылып кеттім", - дейді Мұрат.
Автобус жүргізушісінің сөзінше, ол әнді көбіне кешкі уақытта, қоғамдық көлікте көбіне жастар отырған кезде қосады.
"Ешкім наразы болмайды. Керісінше, барлық жолаушы риза болып, рақмет айтып, түсіп кетеді", - дейді Мұрат.
Мұрат әлеуметтік желідегі парақшаларын да белсенді жүргізеді. Мысалы, жүргізушінің Instagram желісіндегі парақшасында 35 мыңнан аса оқырманы бар.
"Астанаға келіңізші", "Жылдың ең үздік жүргізушісі деп сыйақы беру керек", "Алматыдағы ең көңілді автобус жүргізушісі", "Мұрат, осылай хит болып жүре беріңіз", - дейді жүргізушінің оқырмандары.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!