Науқастар АИТВ жұқтырған Алматы Орталық қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Нариман Табынбаев қызметінен босатылды. Ақпаратты қалалық денсаулық сақтау басқармасы растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Нариман Табынбаевтың денсаулық жағдайына байланысты 1 тамыздан бастап жұмыстан шығарылғанын хабарлады.
Байқау кеңесі конкурсын өткізгенге дейін 1 қыркүйектен бастап "Орталық қалалық клиникалық аурухана" директорының міндетін атқарушы лауазымына Серікжан Сабыралиев тағайындалды.
Серікжан Сабыралиев 2007 жылы Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін "емдеу ісі" мамандығы бойынша, 2008 жылы М. Әлиев атындағы Қазақстан медицина университетін, "урология" мамандығы бойынша интернатураны, Денсаулық сақтау магистрі, 2015 жылы - City University LONDON, UK, Лондон, Ұлыбритания, магистратура - (MSc) "Денсаулық сақтау саласындағы саясат және менеджмент" бітірген.
Еске салайық, бұған дейін Алматы ауруханасында науқастардан АИТВ анықталғанын хабарлаған едік. Кейін бұл мәселеге қатысты денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният пікір білдірді. Сенат отырысында журналистердің сауалдарына жауап берген денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният былтыр АИТВ инфекциясын 4 мың адам жұқтырғанын айтты. Ал екі жыл бұрын 3,5 мың жағдай тіркелген.
Кейін Алматыда АИТВ анықталған аурухананың бас дәрігері жұмыстан шеттетілгені белгілі болды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!