Алматы ауруханасында науқастардан АИТВ инфекциясының анықталуына байланысты тексеру жүріп жатыр. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуде айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Медеу ауданы тұрғыны әкімнен бұл жағдайға қатысты қандай шара қабылданып жатқанын, аурухана басшылығы неге өз орнында қалғанын сұрады.
"Бізде тергеу жоқ, тексеру бар. Денсаулық сақтау министрінің тиіс бұйрығы аясында реанимациядан соң 30 күннен кейін науқастар тестілерді қайта тапсыруға міндетті. Екі жағдай анықталды (кейін тағы бір жағдай анықталды). Бекітілген регламентке сәйкес қалалық ЖИТС орталығымен бірлесіп жұмыс жүргізілді: барлық реципиент, медициналық персонал, реанимацияда болған басқа да науқас толық тексерілді. Осыдан кейін регламентке сәйкес 13 маусымда барлық дерек санитарлық-эпидемиялық бақылау департаментіне берілді. 14 маусымда СЭБД қажет кезектен тыс тексерулерді тағайындады, олар бойынша бүгінде жұмыс жалғасып жатыр. Кеше Денсаулық сақтау министрлігі аралық нәтижелерді жариялады. Біреуді қызметінен босату үшін алдымен бәрі қайдан шыққанын түсіну керек, инфекция көзі қайдан пайда болғанын анықтау керек. Комиссия жұмысын аяқтаған кезде Денсаулық сақтау министрлігі мен Алматының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бұл туралы хабарлайды. Біз бәрін бақылауда ұстаймыз", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Алматы ауруханасында науқастардан АИТВ анықталғанын хабарлаған едік. Кейін бұл мәселеге қатысты денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният пікір білдірді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!