- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы ауруханасында науқастардан...
Алматы ауруханасында науқастардан АИТВ анықталды
Алматы ауруханасында науқастардан АИТВ анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
Алматы ЖИТС орталығының мамандары Орталық қалалық клиникалық ауруханасында АИТВ оң мәртебесі бар үш жағдайды анықтады.
"Анықталған деректер негізінде Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бұйрығымен 2 маусымда ҚДСБ басшысы орынбасарының төрағалығымен және Алматы ЖИТС орталығы қызметкерлерінің комиссиясы құрылды. Комиссия АИТВ-инфекциясының берілу көздерін анықтау бойынша ішкі тергеу жүргізді, донорлар, медицина қызметкерлері және байланысқан адамдар тексерілді", - делінген хабарламада.
Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша жаңа деректер анықталған жоқ, тексерілгендердің нәтижесі теріс екені расталды.
Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы негізінде 13 маусымда комиссия қорытындысы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне берілді. 14 маусымда департамент Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ Дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының мамандарын тарта отырып, аурухананы жоспардан тыс тексеруге бастамашы болды.
Тексеріс нәтижелері бойынша уәкілетті органдар тиісті шаралар қабылдайтыны хабарланады.
Айта кетейік, 2020 жылы да бұл ауруханада дау шықты. Аурухана қызметкерлері коронавирус жұқтырды. Содан кейін аурухананың 147 қызметкерінде осындай жағдай расталды. Кейін Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Алмаз Жұбашев қызметінен босатылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова