Алматы әуежайы басшылығының түркиялық өкілдері қызметінен кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде бұған дейін Алматы халықаралық әуежайының екі басшысы қызметінен кеткені туралы ақпарат пайда болған еді.
Әуежайдың баспасөз қызметі мұны растап, жыл сайынғы барлық компания тобын қайта құруды жоспарлау аясында Алматы халықаралық әуежайында екі аға экспат-менеджер жұмысын тоқтатқанын хабарлады.
Атап айтқанда, әуежайдың аға вице-президенті Йеткин Четин Пакер және аға вице-президент Фатих Өмур қызметтерінен кетті. Әуежайдың баспасөз қызметі олардың орнына қандай да бір адамның тағайындалғаны туралы хабарламады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!