Алматы әуежайының жаңа терминалында паспорттық бақылау жүйесі істемей қалған

Алматы әуежайының жаңа терминалында паспорттық бақылау жүйесі уақытша істемей қалып, әуежайда ұзын-сонар кезек пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әуежайдың баспасөз қызметі аталған жағдайға байланысты түсініктеме берді.

Алматы әуежайының мәліметінше, жүйедегі ақаудың әсерінен жолаушылар кезегі пайда болғанымен, ол рейстердің кешігуіне себеп болмаған.

"Паспорттық бақылау жүйесінде техникалық ақау болды. Тексеру мен сканерлеуде қиындықтар болған жоқ. Бұл жағдайға байланысты рейстердің кешігуі байқалмады", - делінген хабарламада.

Қазір жүйедегі ақаулар жойылған. Әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!