- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы әуежайының жаңа...
Алматы әуежайының жаңа терминалына 200 миллион доллар жұмсалады
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев Алматы әуежайының жаңа терминалына 200 миллион доллар жұмсалатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазір төрт жоба жүзеге асырылып жатыр. Алматы әуежайында 200 миллион доллардан аса сомаға жаңа халықаралық терминалдың құрылысы жүріп жатыр. 2024 жылғы жазда іске қосылады деп күтіледі. Жалпы орындалған жұмыс көлемі - 60 пайыз", - деді Ластаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Ол жеке инвестиция есебінен Шымкент және Қызылорда әуежайларында жаңа жолаушылар терминалдарының құрылысы жалғасып жатқанын айтты. Сондай-ақ, Үкімет резерві есебінен Қостанай әуежайын телескопиялық баспалдақ орнату және ұшып келу залын салу арқылы реконструкциялау жоспарланып жатыр.
"Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын және такси жолын, Балқаш әуежайының перронын қайта жаңарту мәселесі пысықталып жатыр", - деді Ластаев.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек