- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы әуежайының жаңа...
Алматы әуежайының жаңа терминалы қашан ашылатыны белгілі болды
Алматы әуежайының жаңа терминалы қашан ашылатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы әкімдігінің хабарына қарағанда, әуежайдың жаңа жолаушылар терминалында құрылыс-монтаж жұмыстарының 65 пайызға жуығы аяқталды. Оның ашылуы мерзімінен бұрын – 2024 жылдың жаз айының басына жоспарланған. Қолданыстағы терминалдың эстакадасы 1 қыркүйекке дейін ашылады.
Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаевтың TAV Airports Holding компаниясының президенті Серкан Каптанмен өткізген кеңесінде мәлім болды.
Алматы әкімі әуежайда қызмет көрсету сапасының мәселелеріне, атап айтқанда, көп сағаттық кезек пен көлік тұрағының тапшылығына назар аударды.
Жаңа жолаушылар терминалы ашылған соң қолданыстағы терминалды жаңғырту көзделіп отыр. Жаңа терминал тек халықаралық рейстерге, ал қолданыстағы терминал ішкі рейстерге қызмет көрсетеді.
Алматы халықаралық әуежайын кеңейту жобасы аясында жолаушылар терминалы мен авиацияның жаңа ғимараттары салынып, эстакада, ұшу-қону жолағы мен вокзал маңы аумағын қайта жаңартылады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан