- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы әуежайының жаңа...
Алматы әуежайының жаңа терминалы жаңбырдан кейін су астында қалды
Желіде Алматы халықаралық әуежайының жаңа терминалын су басқаны түсірілген видеолар тарап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қатты лайлы жауын-шашын салдарынан перрон жағындағы нөсер канализациясы ішінара бітеліп қалды.
Алматы әуежайы баспасөз қызметінің хабарлауынша, биіктік айырмашылығына байланысты ескі және жаңа терминалдар арасында су жиналып, халықаралық рейстер келетін залды су басты.
"Бұл мәселені шешу үшін әуежайдың барлық қажетті қызметтері жұмылдырылды. Қазіргі уақытта техникалық қызметтер нөсер канализациясын тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Халықаралық рейстердің ұшып кету аймағында рейстерге қалыпты жағдайда қызмет көрсетіледі. Ұшып келетін рейстерге уақтылы қызмет көрсету үшін барлық қажетті шаралар қолданып жатыр. Осы салдардан туындаған барлық зардаптар жақын арада жойылады", - делінген хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан