Алматы әуежайының бір бөлігі уақытша жабылады

Алматы әуежайының бір бөлігі уақытша жабылады
Фото: Tengrinews.kz

Алматы халықаралық әуежайы жақын арада сапарлаушылар білуге тұрарлық маңызды хабарлама жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Пандусты кеңейту жұмыстарына байланысты екінші қабатқа кіру 16-21 қыркүйек аралығында уақытша жабылады.

"Жолаушыларды ішкі және халықаралық рейстер терминалдарына түсіру бірінші қабат (келу аймағы) арқылы жүзеге асырылады. Жолаушылардан әуежайға алдын ала келулерін сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз",-делінген хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы