"Алматы халықаралық әуежайы" АҚ президенті Алып Ер Тоңа Ерсой қызметінен кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Бұған дейін жоспарланғандай, Алып Ер Тоңа Ерсой жаңа халықаралық әуежай терминалының құрылысы аяқталғаннан кейін Алматы халықаралық әуежайының президенті қызметінен кетті. Ол өзінің мансабын осы салада жаңа рөлде жалғастырады. Басшылықты ауыстыру туралы ресми хабарландыру 5 маусымда жасалады", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалын аралап көрген еді.
1 маусымда Алматы әуежайы жаңа халықаралық жолаушылар терминалында алғашқы жолаушыларын қарсы алды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!