- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы әуежайы
Алматы әуежайындағы оқиға: күдікті туралы не белгілі?

Көліктегі Полиция департаменті бүгін Алматы әуежайында болған оқиғаға пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Департаменттің баспасөз қызметі мәліметінше, 7 наурызда Алматы әуежайында тексеру аймағына өтіп, инспектордың шашынан ұстап, ас үй пышағымен қорқытқан ер адам ұсталған.
"Ол полиция бөліміне жеткізілді. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ, шабуылдаған адам 67 жаста екені айтылды.
Тосын оқиға туралы не белгілі?
7 наурызда Алматы әуежайында қолында суық қаруы бар ер адам қызметкерді кепілге алды. Желіде әуежайда түсірілген видео тарады. Кадрлардан қолында пышағы бар ер адам қыздың шашынан ұстап алғанын байқауға болады. Оқиға ішкі терминалда болған.
Әуежайдың баспасөз қызметі мәліметінше, ер адам өзін жолаушы ретінде көрсетіп, рейс алдындағы қауіпсіздік аймағына жақындаған. Қызметкерлер одан құжатын сұраған кезде ол қызметкерді пышақпен қорқытқан. 7 минуттан кейін шабуылдаушыны полиция мен авиациялық қауіпсіздік қызметкерлері ұстады. Ол қамауға алынды.
Артынша Президент Алматы әуежайындағы оқиғаға қатысты батыл азаматты марапаттауды тапсырды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова