Алматы әуежайында төтенше жағдай болып, ұшақтан өрт шыққан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Air Astana 28 тамызда Алматы халықаралық әуежайында FlyArystan әуе кемесінде жоспарлы техникалық жұмыстар барысында тосын оқиға болғанын растады.
"Жұмыстар кезінде өрт шығып, оны әуежайдың жедел қызметтері тез арада сөндірді. Air Astana қызметкері жарақат алып, оған медициналық көмек көрсетілді. Кейін ол ауруханадан шығарылды. Оқиға кезінде әуе кемесі бортында жолаушылар да, экипаж мүшелері де болмаған. Әуе кемесі уақытша қолданыстан шығарылды. Қазір оған қаншалық зақым келгені бағаланып, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Air Astana Алматы халықаралық әуежайымен бірлесіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!