Түркияның құқық қорғау органдары іздеп жүрген ер адам Алматыда ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы қаласының халықаралық әуежайында ІІМ Интерпол ҰОБ-ның сұрауы бойынша желілік полиция бөлімі қызметкерлері шетелдік азаматты ұстады. Оған 67 интернет алаяқтық дерегі бойынша Түркияның құқық қорғау органдары халықаралық іздеу жариялаған.
"Күдікті 2018 жылы үй жануарларын сату туралы жалған жарнама жариялап, жәбірленушілерді алдап, 67 адамның ақшасын иемденіп, Түркия елінен бой тасалаған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында қамауда", - деп жазылған хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова