Алматы әуежайында шетелдік азаматтан 21 келіге жуық марихуана тәркіленді

Алматы әуежайында шетелдік азаматтан 21 келіге жуық марихуана тәркіленді
Фото: ҰҚК

30 мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті полициямен және кеден органдарымен бірлесіп, Алматы қаласының әуежайында шетелдік азаматты ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оңтүстік-Шығыс Азияның бір елінен келген шетел азаматының багажын тексеру барысында шамамен 21 келі марихуана табылған.

"Тыйым салынған жүк тәркіленіп, күдікті ұсталды. Полиция бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 286-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеуді бастады", - деп жазылған ҰҚК хабарламасында.

Суреттер: ҰҚК баспасөз қызметі

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget