Алматы әуежайында шетелдік азамат ірі көлемде есірткімен ұсталды

Алматы әуежайында шетелдік азамат ірі көлемде есірткімен ұсталды
Фото: ІІМ

Бангкоктан заңсыз жеткізілген 11 келі гашиш майы тәркіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Арнайы тексеріс барысында полиция қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп, Қазақстанның оңтүстік астанасындағы халықаралық әуежайда есірткі контрабандасының жолын кесті.

"Бангкок - Алматы рейсімен келген 20 жастағы шетел азаматы ұсталды. Жеке тексеріс кезінде одан жалпы салмағы шамамен 11 келі болатын гашиш майы салынған 12 пластикалық ыдыс тәркіленді. Бұл дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 286-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget