Алматы әуежайында шетел азаматынан тосын нәрсе табылды

Алматы әуежайында шетел азаматынан тосын нәрсе табылды
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

Алматы халықаралық әуежайында ірі көлемде есірткі контрабандасының жолы кесілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әуежай арқылы шетелдік азамат тыйым салынған ірі көлемдегі затты жеке заттарының ішіне жасырып әкелмек болған. Алайда қылмыстық схема дер кезінде анықталды.

Сот процесінде күдіктінің кінәсі толық дәлелденді.

"Сот оны 15 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Үкім заңды күшіне енген жоқ", - деп жазылған хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget